Жетісу облысында үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты тың мәлімет жарияланды

0
486

Қазір қанды оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.


Жетісу облысында үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты тың мәлімет жарияланды

ERNUR.KZ. Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, қара жамылған отбасының бес баласы бар. Көпбалалы ана қайғылы оқиға орын алатын күні үш айлық бүлдіршінді алты жасар баласының қарауына қалдырған, деп жазады zakon.kz.

Сол уақытта әлі ес кірмеген бала туған қарындасына үш жерден пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған сәби үлкендер үйге жеткенше жан тапсырыпты. Отағасы жұмыста болған. Мұндай сұмдықты жасады деген баланың психологиялық ауытқуы жоқ.

"Бар көңіліміз төрт ұлдан кейін дүниеге келген қызымызға ауып кеткен соң, қызғаныштан қарындасын өлтіруі мүмкін", - дейді қара жамылған ана.

Қазір қанды оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Жаркент қаласында үш айлық нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы, үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажет сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жарияланбайды", - дейді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.