Жетісу облысында жанып жатқан үйден үш бала құтқарылды

0
488

Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам балалар бөлмесінен үш баланы, ата-анасын сыртқа шығарған.


Жетісу облысында жанып жатқан үйден үш бала құтқарылды

ERNUR.KZ. Желтоқсанның 7-сі күні кешке Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкен Шыған ауылында жеке үйлердің бірінен өрт шықты, деп жазады zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам балалар бөлмесінен үш баланы, ата-анасын сыртқа шығарған.

Сонымен қатар ол үйден екі газ баллонын шығарып, өз бетімен өртті сөндіруге кірісіп кеткен.

Жанып жатқан үйдегілерді құтқаруға көмектескен көршісі Еркебұлан Айтбаев болып шықты. Ол – азаматтық қорғау кіші сержанты, өрт сөндіруші.

Ведомство өрттің алдын ала себебін де жариялады: пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.