Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

0
681

Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.


Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп жазады Azattyq Ruhy.

Жол апаты 24 қыркүйек күні таңертең Сарқан ауданы, Алмалы ауылының маңында «Тойота Хайлюкс» автокөлігінің қатысуымен болды.

38 жастағы ер адам «Алматы-Өскемен» автожолының 427 шақырымында көлікті басқара алмай, аударылып қалған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.