Жетісуда мұғалімдер екі жыл бойы үстемеақы алмаған

0
390

Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Жетісуда мұғалімдер екі жыл бойы үстемеақы алмаған

ERNUR.KZ. Жетісу облысында екі жыл бойы үстемеақы алмаған мұғалімдердің құқығы қорғалды, деп жазады sputnik.kz.

Тексеріске сәйкес, жиырмадан астам мұғалімнің жалақысына тиісті үстемеақы төленбеген. Мәселен, Ақсу ауданындағы өнер мектебінің музыка пәнінің мұғалімі 2021 жылы аттестациядан өткеннен кейін оқытушы-зерттеуші біліктілік санатын алған. Алайда оған осы біліктілік санаты үшін негізгі жалақыға 68 мың теңге көлемінде ай сайынғы қосымша төлем берілмеген.
"Тағы 23 мұғалімге мұндай үстемеақы берілмеген, ал төленбеген қаражаттың жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асқан", - дейді прокурорлар.
Қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге тиісті қаражат төленді. Ал мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.