Жезқазғанда балконға қамалып қалған әже құтқарылды

0
84

Әжені немересі қамап қойған.


Жезқазғанда балконға қамалып қалған әже құтқарылды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қамалып қалған әжейге көмекке келді, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, Жезқазған қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінің самалдығында 1956 жылы туған әйел адам қамалып қалып, құтқарушылардан көмек сұрады. Әжені немересі қамап қойған.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 3-қабаттың балконынан 2-қабаттың балконына альпинистік жабдықтың көмегімен кіріп, есікті ашуға көмектесті. Құтқару операциясының нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауыңызды сұрайды.