Франция Украинаның 2,3 мың әскери қызметкерін оқытты

0
82

Жазбада Украина сарбаздары француз артиллериясы мен басқа да қару-жарақтарды қолдану арқылы түрлі жауынгерлік маневрлер көрсетіп жатқан видео қоса жарияланған.


Франция Украинаның 2,3 мың әскери қызметкерін оқытты

фото:Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. Франция 2300 украин әскери қызметкерінен жасақталған бригаданы оқытуды аяқтады. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Францияда дайындықтан өткен және жабдықталған бірінші жалпы әскер бригадасы оқу-жаттығуды аяқтады", - делінген хабарламада.
Жазбада Украина сарбаздары француз артиллериясы мен басқа да қару-жарақтарды қолдану арқылы түрлі жауынгерлік маневрлер көрсетіп жатқан видео қоса жарияланған.
Франция Украина қарулы күштерінің 155-ші бригадасының 2,3 мың украин жауынгерін, оның ішінде үш жаяу әскер батальонын, инженерлік және артиллериялық корпусты, жер-әуе бақылауы мен барлауын дайындады. Украиндарды бір жарым мың француз сарбазы дайындады.
Бейсенбі күні таңертең Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорню мен елдің сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Украинаның әскери қызметкерлері оқуын аяқтап жатқан Францияның шығысындағы Марна департаментіндегі әскери базаға барды.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.