Жоғарғы Сот судьясы қызметінен кетті

0
571

Мемлекет басшысының ұсынымын Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқып берді.


Жоғарғы Сот судьясы қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Жоғарғы Сот судьясы Дана Тоқмырзина басқа қызметке ауысыуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясын қызметінен босату туралы мәселеге бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті ұсынымы Сенатқа келіп түсті.

Мемлекет басшысының ұсынымын Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқып берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 34-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті тиісті қорытынды шығарды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Дана Айтмағанбетқызы Тоқмырзинаны басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатуға ұсыным жасалсын, - деді сенатор Андрей Лукин.

Сенат осы мәселеге қатысты ашық дауыс беріп, тиісті қаулыны қабылдады.