Жоғарғы сотқа банкроттық бойынша 3 мыңнан аса арыз түскен

0
488

Оның тек 1187-сі ғана қанағаттандырылды.


Жоғарғы сотқа банкроттық бойынша 3 мыңнан аса арыз түскен

ERNUR.KZ. Жоғарғы сот салық берешегі 186 миллион теңгеден асатын Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті банкрот деп танудан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz.

Себебі, сотқа арызданған басқарма иесі қарызын 23 миллион теңге деп азайтып көрсеткен. Тексере келе серіктестік директорының екі банкке 45 миллион, жұмысшыларға 53 миллион және басқа да міндеттемелер бойынша 100 миллион теңгеге жуық берешегі бар болып шықты.

Естеріңізге салайық, жалған банкроттық экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып есептеледі. Былтырдың өзінде Жоғарғы сотқа банкроттық бойынша 3 мыңнан аса заңды тұлға арызданған.