Жоғары білім министрлігі "далада түнеп жүрген" студенттерді іздестіріп жатыр

0
418

Әлеуметтік желілерде Алматы студенттерінің "далада түнеп жүргені" жайлы видео тарап жатыр.


Жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. Жауапты министрлік әлеуметтік желілерде Алматы студенттерінің "далада түнеп жүргені" жайлы видео тарағанына алаңдаулы деп жазады inbusiness.kz.

"Әлеуметтік желілерде Алматы студенттерінің "далада түнеп жүргені" жайлы видео тарап жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі ролик авторларын/қатысушыларын ведомствоға хабарласуды сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі. Еске салайық, Алматы қаласында қиын жағдайға тап болған студенттерді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді. Студенттер тәулік бойы +7 778 655 60 83 номеріне хабарласа алады. Онымен бір мезгілде, баспанадан заңсыз шығару немесе жалға беру құнын өсіру жағдай болса азаматтар тегін заңгерлік кеңес алу үшін Әділет министрлігінің 119 (қалалық телефон) колл-орталығына немесе 58-00-58 номеріне (Алматы, Астана қалалары үшін) хабарласа алады", - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтінін еске салды.

"Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында Қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады", - делінген ведомство ақпаратында.