Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады.
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады.
“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері.