Әйел блогерге баланы емдеу үшін қаржы қажет екенін түсіндіріп, банк картасының нөмірін берген.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында қайырымдылықты пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының 35 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.
Өтініш берушінің айғақтары бойынша, оған белгілі блогер ретінде Ақмола облысының тұрғыны хабарландыру жариялауды сұраған. Әйел блогерге баланы емдеу үшін қаржы қажет екенін түсіндіріп, банк картасының нөмірін берген.
Әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланғаннан кейін және ақша түскеннен кейін Щучинск тұрғыны өзі туралы жалған ақпарат бергені әрі оның балалары жоқ екендігі белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.