Жол апатын жасаған мас жүргізуші оқиға орнынан қашып кете жаздады

0
1 236

Полиция қызметкерлері жазып берген хаттаманы бүктеп-бүктеп лақтырып жіберген.


Жол апатын жасаған мас жүргізуші оқиға орнынан қашып кете жаздады

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы Алматыда Жамбыл мен Жұмалиев көшелерінің қиылысында болған,деп жазады Zakon.kz.

Көшелердің қиылысында Mercedes Жамбыл көшесімен келе жатқан Toyota Corolla көлігін бүйірден соқты, соққы алған көлік жанында келе жатқан Hyundai Sonata-ға тағы соғылды. Тоқтамай кете барған Mercedes жүргізушісі Жамбыл көшесіне бұрылып, бір бағытты жолмен кері бағытта жүре берді. Бірақ алысқа ұзамай Lexus ES 300 көлігімен бетпе бет соғылды.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes жүргізушісі артқа беріп, оқиға орнынан кетіп қалмақ болған. Бірақ оны өзге жүргізушілер дер кезінде тоқтатты. Жүргізуші қатты мас деседі куәгерлер. Басында бағынбай, мінез танытқан ол сәлден соң жерге жатып, ұйықтап қалды.

Дәрігерлер Toyota Corolla жүргізушісін ауруханаға алып кетті.

Тағы біраз уақыт өткенде оянып алған Mercedes жүргізушісі күтпеген жерден көлігіне қайта мініп, тағы да қашып кетпек болды. Артынан тұра жүгірген жүргізушілер мен құрылыс жұмысшылары оны тоқтатып, көліктен суырып шығарды.

Mercedes жүргізушісінің қалтасында екінші кілт болған екен. Өзі былапыт сөйлеп, шатақ мінез көрсетуін қоймады. Полиция қызметкерлері жазып берген хаттаманы бүктеп-бүктеп лақтырып жіберді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!