«Жол бермеді»: Алматыда 10 жасар баланы соққыға жыққан ер адам кешірім сұрады

0
854

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.


«Жол бермеді»: Алматыда 10 жасар баланы соққыға жыққан ер адам кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Алматыда 55 жастағы ер адам подъезге кірер есікте жол бермеген 10 жасар баланы соққыға жығып салған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.

«Маған Алматы қаласының тұрғыны хабарласып, көппәтерлі үй подъезінде түсірілген видео жіберді. Онда есіктен шыға берген баланы бейтаныс ер адамның бас салып ұрып-соққанын көруге болады. Біз тексеру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушыны таптық. Ол 1966 жылғы ер адам болып шықты. Аталған оқиға бойынша 1987 жылғы А. есімді тұрғыннан шағым түсті. Ол жоғарыда аталған тұлғаға қатысты шара қолдауныды сұрады», - деп жазды Instagram-парақшасында Рустам Абдрахманов.

Оқиға 1 қыркүйек күні кешкі сағат 18.00 шамасында болған.

Көп ұзамай Алматы қалалық ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов 10 жасар баланы соққыға жыққан құқық бұзушының көпшіліктен, сондай-ақ, баланың ата-анасынан кешірім сұрағанын мәлімдеді.

Ол көпшілік алдында кешірім сұрауды жөн көрді. Айта кетерлігі, кешірім сұрау заңда қарастырылған жауапкершіліктен құтқармайды», - деді Р. Абдрахманов.