"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды

0
677

Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады


ERNUR.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастаған.

"Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен биылғы желтоқсан аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктеледі. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 20 желтоқсанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.