1998 жылы туған курьер жігіт жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
ERNUR.KZ. Мопедтің жеңіл көлікпен соқтығысуы салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Курьер Фариза Оңғарсынова көшесінде кептелісте тұрған көліктерді айналып өтпек болып, ортаны бөліп тұратын жолақпен жүрген, алайда тізгінге ие бола алмай қалған.
Мопед жолдың қарсы бетіне құлаған. Онда келе жатқан Mazda CX-7 жүргізушісі күрт тежегішті басқан. Мопед жүргізушісі құлаған кезде ауыр жарақаттар алған.
1998 жылы туған курьер жігіт жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Оқиға орнында полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.