"Жүрген сол боти киіп": Елорда іргесіндегі халық тізеден су кешіп жүр

0
2 334

Бас қала іргесіндегі Қаражар ауылы еріген қар суының астында қалды.


Жыл сайын қайталанатын проблема биыл да шешімін таппаған. Тұрғындардың жүріс-тұрысы қиындап, балаларын мектепке тіпті арқалап апарып жүрміз дейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елорданың іргесінде деген атақ Қаражарды биыл да қалың қардан құтқармады. Жыл сайын күн жылынып, қар еріген бетте ауылды телегей-теңіз су басады. Биыл да өзгерген ештеңесі жоқ. Қаражардағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қардың суы үйдің маңын түгелдей басып қалған. Тұрғындар тіпті дәретханаға да бара алмай отырмыз дейді.

"Жыл сайынғы осы проблема . Үйге кіріп-шығуымыз қиындап кетті. Бағандар құлап жатыр. Жергілікті әкімдік бюджеттен ақша қарастырылған жоқ дейді. Қандай халде екенімізді міне, өздеріңіз де көріп тұрсыздар ғой?!", дейді Қаражар ауылының тұрғыны, Азамат Беков.

Әсіресе, ауылдағы төрт шағын ауданның ең шеткісі жылдағыдан қатты зардап шегіп отыр. Халық та осы жақта қалың шоғырланған. Мына көшелерден адам жүрмек түгелі, көліктің қозғалуы қиын.

"Анау екінші микрорайонда барлық жағдай бар. Светтері бар, жолдары бар. Ол жерден министрлер өтеді Ақмолаға қарай, Президенттер өтеді. Как показуха ретінде көрсетіп қойған. Шет жағы біз көрінбейміз, тасада қаламыз. Үйдің іші сырость, өзіміз асматик болдық, бала- шағамызбенен", дейді ауыл тұрғыны Алма Боқышева.

"Осы Қаражар ауылына көшіп келгеніме 10 жыл болды. Келгелі бері осылай. Балалар сабаққа бара алмайды. Садикке фургон машина жүред. Ол міне мынадай суға жүре алмайды. Судан бөлек, айнала түгел ми батпақ. Электр бағандары да орта белден судың астында. Салдарынан сымдар бір тиіп, бір тимей, жарықтың өшуі де жиілеген. Көшелер болса, шұрық-тесік. Қысқасы, құдды бір иесіз ауыл дерсің?!", дейді ауыл тұрғыны Ардақ Тілеуханова.
Қараөткел ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуаныш Маратұлы:
"Биыл ерекше су басып жатыр. Өйткені қыстың басында қар аз болды да аяз қатты болды, сол себептен жер қатып қалды. Қарды шығарған жоқпыз шынын айтқанда.
-Неге?
-Қаражат жетпеген соң. Қаражат бөлінді бірақ, жеткізбедік. Қар көп түсті.
-Сонда не істеуі керек? Тұрғындар солай қардың астында қала беруі керек пе?
-Жоқ. Техника жібердім. Данный момент істеп жатыр. 2-3 күнде бітіреміз.
"Бізде бюджетте ақша қарастырылған. Содержание дорог бойынша 27 млн 350 мыңдай. Ол бойынша каждый ауылдарға біз бөлдік. Олар жұмыс жүргізіп жатыр", дейді Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Еркін Сейіткерім.
Төтеншелік маман бөлінген ақшаның тиынына дейін жатқа біліп тұр-ау, бірақ Қараөткелге қарасты ауылдардың аянышты күйінен бейхабар болып шықты.