Жыл соңына дейін студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

0
732

2026 жылға дейін бүкіл ел көлемінде студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Жыл соңына дейін студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

ERNUR.KZ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп жазады sputnik.kz.

"Қарағанды және Маңғыстау облыстарында 900 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді. Республикада жыл соңына дейін 8,3 мың орынға есептелген тағы 26 жатақхана пайдалануға беріледі", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Кезекті мониторинг барысында Астана, Алматы және Көкшетау қалаларында қаржының болмауынан және басқа да себептерден құрылыс мерзімінің бұзылу қаупі бар 2,1 мың орынға шақталған 6 жатақхана анықталды, сондай-ақ Павлодар облысында жатақхананы реконструкциялау жұмыстары кешеуілдеген.

Жиында жоспарға 1600-ден астам орынға арналған 8 әлеуетті нысанды енгізу ұсынылды. Оларды пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін Астана, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда инвесторлармен алдын ала келісімдер жасалуда, әкімдіктер жол карталарына өзгерістер енгізуде.
"Студенттерді жатақханамен қамту бойынша барлық жоспар қатаң сақталуы тиіс. Бұл ретте салынып жатқан жатақханалар санын көбейту бастамасы құпталады", — деді премьер-министрдің орынбасары.