Жылжымалы жолдар жылыту маусымына толықтай дайын - Ғ. Есенбаев

0
362

Компания көмір маршруттарының ең көп жүретін учаскелерінде 815 шақырым жол жөндеуден өтіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілгенін атап өтті.


Жылжымалы жолдар жылыту маусымына толықтай дайын - Ғ. Есенбаев

ERNUR.KZ. 2024 жылдың мамыр айынан бастап ҚТЖ желісімен 17 млн тонна тас көмір тасымалданып, түсірілді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін 1 млн тонна, қалғаны ЖЭО үшін жеткізілді. Жедел штаб жұмысына станциялардың бастықтары, жол бөлімшелерінің басшылары қосылды, мониторингтік топтар тәулік бойы тексерістер жүргізіп, кірме жолдар, өңірлердегі көмір операторлары және көмір разрездерінің өкілдерімен бірқатар кеңес өткізілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы филиалы директорының орынбасары Ғани Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде атап өткендей, жіберілген қателіктерді қайталамау үшін ұйымдастырылған маршруттарды жүргізу, коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізу өңірлер бойынша бөлінеді.

«Қазақстан аумағында тас көмір қабылдауға дайын 336 жылжымалы жол бар. Олардың барлығы тексерілді. Жүк алушылар мен тармақ иелері қажетті жұмыстарды жүргізді, ескертулер жойылады. Біз жылыту маусымына толық дайындықты көріп отырмыз. Орталық аппараттың бірінші басшылары қатарынан 60-қа жуық қызметкер тікелей жедел штабқа тартылды», – деп баяндады спикер.

Айта кетерлігі, компания көмір маршруттарының ең көп жүретін учаскелерінде 815 шақырым жол жөндеуден өтіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілгенін атап өтті.