​20 тамшы САРЫМСАҚ шырыны ҚАН ҚЫСЫМЫН қалпына келтіреді

0
14 615

БІР РЕТ қабылдағаннан-ақ ҚАН ҚЫСЫМЫН қалыпқа түсіріп, ағзаны ДӘРУМЕНМЕН байытады


​20 тамшы САРЫМСАҚ шырыны ҚАН ҚЫСЫМЫН қалпына келтіреді

фото: otgipertonii.ru

Қан қысымы бірде көтеріліп, бірде түсіп жүретіндердің қалтасында үнемі дәрі болады. Тосыннан басталатын ауруға қашанда дайын тұратындарға дәріні тастап мына емді байқап көруге кеңес береміз. Бар-жоғы 7-ақ әдіспен қан қысымын дәрісіз қалпына келтіруге болады.


Қан қысымы көтерілгенде:

  • бас айналады;
  • жүрек айниды;
  • басыңыз ауырып, жүрек айналасы сыздайды;
  • көзіңіздің алды қарауытады;
  • қолыңыз мұздайды;
  • жүзіңіз қуарып, терлей бастайсыз.

Егер сізде осы белгілер біліне басталса біз ұсынған кеңесті жүзеге асырып көріңіз.


ИТМҰРЫН ҚАЙНАТПАСЫ

Кез келген дәріхана сөресінен табылатын итмұрын (шиповник) мен долана (боярышник) жидегі жүрек қан-тамыр жолдарының жұмысын жақсартуға қабілетті. Қан айналымды жақсартады, жүрек бұлшықетінің жұмысын жеңілдетеді әрі қан тамырларды тазалайды. Ол үшін 200 гр. қайнаған суға 1 ас қасық итмұрын немесе долана жидегін араластырып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 20-25 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішке қабылдайсыз. Емді тәулігіне 2-3 рет жүргізу керек.

фото: www.organicfacts.net

ЛИМОН МЕН ҚЫЗЫЛША

Кардиолог дәрігерлер жүрегінде ақауы бар науқастарға тамақтану рационына қызылшаны қосуға кеңес береді. Бұл көкөніс көптеген ауруларға ем. Әсіресе, қан қысымы өзгеріп тұратындардың дертіне дауа болады. Керемет қасиеті мол бұл көкөністің бір данасын алып, қабығынан тазартасыз. Сосын жарты лимонмен берге блендермен езу керек. Езбеге 2 ас қасық бал қосып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған емдік қоспаны күніне 3 рет тамақтан соң қабылдайсыз. Емді 2-3 апта жүргізсеңіз, сіз күтпеген нәтижеге қол жеткізесіз.


САРЫМСАҚ ШЫРЫНЫ

Қан тамырларды кеңейтіп, тазартатын пайдалы заттың бірі – сарымсақ. Бар болғаны ем үшін тамақтан алдын 20 тамшы сарымсақ шырынын ішесіз.

Ескеріңіз! Бұл емді жатар уақытта жасауға болмайды. Өйткені сарымсақ – жүректің жылдам жұмыс істеуіне септігін тигізіп, түнгі ұйқыңыздан айыруы мүмкін.


ҚАРБЫЗДЫҢ ДӘНІ

Қан қысымын түсіретін дәрінің орнын басатын тағы бір әдіс – қарбыздың дәні. Оны алдымен жақсылап кептіріп, ұнтақтап аласыз. Үгілген дәннің 1 ас қасығын 200 гр. қайнаған суға салып, тұндырыңыз. Шамамен 20-25 минуттан соң тұнбаны сүзіп аласыз. Дайын болған шипалы суды жарты ас қасықтан күніне 3 рет ішесіз. Бірнеше күннен кейін-ақ оң нәтиже беріп, 3-4 аптада қан қысымының реттелгенін байқайсыз.

фото: econet.ru

КӨК ШАЙ

Көк шайды күнде ішкеніңізбен оның пайдасы болмауы мүмкін. Қан қысымын қалпына келтіру үшін тек таңертең 1 шыны көк шай ішесіз. Осы кезде ішкен шай қан қысымын реттейді, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруының алдын алады.


ШҮЙГІНШӨП ТҰНБАСЫ

Жүйке және жүрек қан-тамыр жолдарының жұмысын жақсартып, қалпына келтіруге шүйгіншөптің (валериана) және сасықшөптің (пустырник) тигізетін пайдасы орасан. Бұл екі шөпті де кез келген дәріханадан табуға болады. Десек те, ем үшін екеуінің бірін алсаңыз жеткілікті.

1 ас қасық ұнтақталған шөпті стақанға саласыз. Оған 200 гр. қайнаған су құйып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішесіз.

Бұл тұнба жүйкеге салмақ түскеннен көтерілген қан қысымын төмендетуге қабілетті.


АПЕЛЬСИН МЕН ЛИМОН

Бұл ем қарт кісілерге арналған. Бір рет қабылдағаннан-ақ қан қысымын қалыпқа түсіріп, ағзаны дәруменмен байытады. Ол үшін 1 дана апельсин мен лимонды аласыз. Қабығынан тазартып, жақсылап езесіз. Дайын болған ботқаны әр тамақтанудан алдын қабылдайсыз. Осы езбе бір күнге жетеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: edokt.ru

Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: