​Еркектік қуатты күшейтетін 9 ем

0
13 943

Белсіздікке бей-жай қарамаңыз, одан айығу үшін қарапайым ғана халық еміне жүгініңіз.


​Еркектік қуатты күшейтетін 9 ем

фото: performanceinsiders.com

Көпшілігіміз белсіздік егде жастағы кісілерде кездеседі деп қателесеміз. Бүгінде жас жігіттер де жасарып бара жатқан белсіздік ауруына шалдығуда. Еркектік қуаттың әлсіреуіне көп жағдайда күйзеліске түсу, стресс алу, шамадан тыс алкогольді ішімдік ішу, жамбасқа ота жасау, қан қысымының жоғарылауы, диабетке шалдығу, темекі шегу және дәріні көп қабылдау себеп болады.

Белсіздікке бей-жай қарамаңыз, одан айығу үшін қарапайым ғана халық еміне жүгініңіз.


Фото: mpsdoc.com

  • Жалбыз, шайқурай, беде (клевер) және қалақай шөптерінің әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып, термосқа саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 30-40 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 стақаннан ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.
  • Кинза, аскөк, ақжелкен сынды көктер де еркектік қуатты нығайтып, белсіздіктен арылтады. Ол үшін күнделікті жейтін тамағыңызға осы көктерді қосыңыз немесе тамақтанудан жарты сағат бұрын жарты стақан көктердің қайнатпасын ішіңіз. Оны дайындау үшін 1 ас қасық ұнтақталған көктерді 1 стақан қайнаған суға араластырып, дайындайсыз.
  • Жарты стақан бал мен ұнтақталған грек жаңғағын араластырып, 1 ас қасықтан жейсіз. Артынан 1 стақан жылы сүт ішіңіз. Емді тамақтанғаннан соң қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет жүйелі түрде жүргізсеңіз, 2 аптада оң нәтижеге қол жеткізесіз.
  • 10 гр. балшатырды (медуница) 1 стақан қайнаған суға араластырып, күніне 3 рет 2 ас қасықтан қабылдайсыз.
  • 2 ас қасық ұнтақталған итмұрын шөбін (шиповник) термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 4 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан тамақтан соң ішесіз.
  • 50 гр. ұнтақталған андызтамырды (аир) 1 стақан араққа араластырасыз. Бір тәулікке жылы жерге қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып ½ шай қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек. 2 ас қасық кептірілген шайқурайды жарты литр қайнаған суға салып, тұндырасыз. Бөлме температурасында салқындаған кезде тұнбаны сүзіп алып, күніне 3 рет жарты стақаннан қабылдайсыз.
  • Белсіздікпен шырт ұйқы мен монша жақсы күреседі. Жаз мезгілінде күнге күюдің өзі ем болмақ. Түскі асқа қызылша, шалғам, сәбіз, ақжелкен, кинза және балдыркөк қосылған салат жеуді әдетке айналдырыңыз.
  • Түнде ұйқыға жатар алдында тұз қосылған ванна қабылдау да жақсы нәтиже береді. Тұзды ваннан қуатты қалпына келтіріп, бойыңыздағы суықты шығарады.
  • Қарама-қарсы ванна да белсіздіктен арылтады. Ол үшін 2 бірдей ыдысқа бірдей көлемде біреуіне ыстық, екіншісіне салқын су құясыз. Екеуіне кезек-кезек 1,5 минуттан отыру керек. Осылайша 10 рет 5 күн қайталасаңыз, ауруыңыздан айығатыныңызға сеніңіз.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.