​КАРКАДЕ шайы ҚАН ҚЫСЫМЫН бес МИНУТТА түсіреді

0
13 929

Дәрінің көмегінсіз-ақ қан қысымын қалыпқа келтіруге болады.


​КАРКАДЕ шайы ҚАН ҚЫСЫМЫН бес МИНУТТА түсіреді

фото: myuspehlife.ru

Қан қысымы – саулығыңыздан хабар береді. Ересек адамдардың қалыпты қан қысымы 120/80 болса, ал 65 жастан асқандардың қан қысымы 140/90 мм.сынап бағанасын көрсетуі керек. Егер сіздің қан қысымыңыздың деңгейі осы көрсеткіштен артып кетсе, онда қан қысымының көтерілгенінің белгісі болады.


Қан қысымының көтерілуіне:

  • жағымсыз әдет;
  • артық салмақ;
  • қандағы холестериннің артуы;
  • тұзды шамадан тыс қолдану;
  • қан арқылы өту себеп болады.

фото: pitall.ru

Қан қысымы 3 түрлі деңгейде көтеріледі

Біріншісі – жеңіл түрі. Ең жоғары көтерілгені 159, төменгісі – 99 мм.сын. бағ. болады. Бұл кезде адам әлсіздікті сезінеді, басы айналып, құсқысы келеді.

Екіншісі – орташа. Қан қысымының деңгейі 179/109 мм.сын. бағ. көрсетеді. Бұл деңгейде науқастың басы қатты ауырып, көру деңгейі нашарлайды әрі құсқысы келеді. Егер осы кезде тұрақты ем қабылдамаса ауру асқынады.

Үшіншісі – ауыр. Науқастың қан қысымы 180/110 мм.сын. бағ. бағындырады. Жедел түрде көмек көрсетілмесе инфаркт алады. Бұл кезде науқастың бүйрегі, жүрегі сыр беріп, миы ауырады. Оған қоса, өзін жайсыз сезініп, көкірегінің айналасы ауырады. Беті мен аяқ-қолдары ісінеді.

Қан қысымын қалыпқа келтіру үшін медицина мамандарының кеңесін алып, көмегіне жүгіну керек. Десе де, аурудың алдын алуға халықтық ем де көмектесе алады. Әсіресе, шүйгіншөп (валериана), итбүлдірген (брусника), мүкжидек (клюква), долана (боярышник), итмұрын (шиповник), қарақарақат (смородина), шетен (рябина), сасық шөп (пустырник), дала қырықбуыны (полевой хвощ), бүрген (калина) шөптері дертіңізге дауа болады.

Керемет қасиетке ие бұл шөптерді қалай, қашан қолдану керектігін төмендегі жазбада толық жазамыз.

фото: econet.ru

Қан қысымын қалыпқа түсіретін сусындар

  • 1 стақан газдалмаған минералды суға жарты лимонның шырынын қосып, ішесіз;
  • Қан қысымы құбылмалы адамдарға каркаде шөбін артығымен алып қоюға кеңес береміз. Өйткені кенеттен пайда болған дертіңізге тоқтау болады. Ем үшін 1 шай қасық каркадені 1 стақан қайнаған суға салып, 5 минуттай баяу оттан қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң оттан алып, ыдысқа құйып, тұндырып қойыңыз. Сусынды салқындатып ішу керек.
  • Долана да өз кезегінде қан қысымын қалпына келтіретін қасиетке ие. Ол үшін 1 стақан суға 1 шай қасық долана спиртін араластырып, ішке қабылдайсыз. Емді 1-ақ рет жүргізесіз.


Қан қысымын реттейтін емдік тұнба

1. 1 ас қасық шетенді алып, жақсылап езесіз. Езбені 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған емдік тұнбаны ішке қабылдайсыз. Емді 1-ақ рет жүргізу керек.

2. 1 ас қасық үгітілген итмұрынды 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Бірнеше сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, бірдей етіп екіге бөліп, екі рет қабылдайсыз. Емделу мерзімі –10 күн.

3. 4 тіс сарымсақты, 1 дана орташа пиязды, 1 ас қасық кептірілген шетенді аласыз. Сарымсақ пен пияздың қабығын аршып, тураңыз. Сосын бәрін бір ыдысқа салып, үстіне 1 литр су құю керек. Ыдысты отқа қойып, қайнауға жеткізіңіз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіңіз. 5-6 минут қайнаған соң ұсақталған 1 ас қасық ақжелкен мен аскөкті қосып, тағы да 15 минут қайнату керек. Осы уақыт өткен соң тұнбаны оттан алып, 1 сағаттай тұндырасыз. Белгіленген уақыт өткенде емдік тұнбаны сүзіп алып, 1,5 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 4 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 10 күн. 3 апта үзіліс жасап, қайтадан жалғастыруға болады.

4. Бірдей көлемде қызылша мен долана шырынын араластырыңыз. Сосын 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз.

5. Бір келі ақжелкектің тамырын жақсылап ұсақтаңыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, түнге қалдырасыз. Таңертең тұнбаға 100 мл арақ араластырасыз. Дайын болған тұнбаны 1 ас қасықтан тамақпен бірге қабылдайсыз.

Есіңізде болсын! Халық емінің қай-қайсысын қабылдасаңыз да, ұйқыға жатардан 30 минут алдын қабылдау керек екен. Сонда қан қысымын қалпына келтіреді, ұйқыңызды реттейді, жүйкені тынықтыратын көрінеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: celebnic.net


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Аяқ-қолдың ҰЮЫ қандай ҚАУІПТЕН хабар береді?


ПНЕВМОНИЯНЫ мына ТӨРТ түрлі ШАЙ емдейді


БҮЙРЕК ауруының сіз білмейтін 10 БЕЛГІСІ