4 сағаттан кейін-ақ керемет нәтижесін көресіз
фото: heaclub.ru
Кефир ішіп ішекті тазалайтын болсаңыз, барлық шлактан, улы заттан құтыласыз. Иммунитетіңіз көтеріліп, шаршауыңыз басылады. Оның құрамындағы кальций, аскорбин қышқылы, В тобындағы дәрумендер жалпы денсаулығыңызды жақсартып, бойыңызға қуат береді. Артық салмақтан арылтады, асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеп, жүректі аурудан сақтайды.
Тазалану кезінде іштің кебуі, тәбеттің болмауы, іштің қатуы, аллергияның мазалауы сынды жайсыздықтар орын алмайды.
ЕСКЕРТУ!
КЕФИР мен АЙРАНДЫ шатастырып алмаңыз. Айран да, кефир де сүт өнімдеріне жатады. Бірақ екеуінің жасалу жолы, пайдалылығы мен емдік қасиеті екі түрлі.
АЙРАН – сиыр сүтінен жасалады. 2 литр сүтті жылытып банкіге құясыз. Оған 1 ас қасық айран араластырып, 3 сағатқа жылы орап қойыңыз. Қаласаңыз аздап тұз қосуға болады.
Ал КЕФИРДІҢ жасалу жолы мүлде басқаша. Сүтке алкогольдік ашытуды қоса отырып дайындайды. Оның құрамында стрептококк, ашытқы және сірке бактериялары бар.
Кефирді ем ретінде ішуді бастасаңыз, қатаң талап қоя біліңіз. Тәулігіне міндетті түрде 1 литр кефир ішуге әдеттеніңіз. Ал ішекті тазалау кезінде:
- Тек табиғи, құнарлы тағамдарды тұтыныңыз;
- Гимнастикамен айналысыңыз, физикалық жеңіл жаттығулар жасаңыз;
- Тазалану уақыты біткен соң да 7 күнге дейін дұрыс тамақтану ережесін сақтаңыз;
- Қосымша қайнаған немесе газсыз су ішуге болады.
Сонымен қатар, майсыз ет, жарма, көкөністер мен жемістер жеңіз. Ал тәтті өнімдерді, алкоголді сусындарды, қуырылған тағамдарды шектеңіз.
фото: odnaminyta.com
Ендеше, ішектегі шлакты кефир ішіп тазалауды бастайтын болсаңыз, мына әдістерге назар аударыңыз:
КЕФИР мен АЛМА шырыны
Бұл тәттіден үзілді-кесілді бас тарта алмайтындарға арналады. Шырын ағзаңызды қажетті тәттімен қамтамасыз етеді. Сондықтан да осы әдісті қолданғаныңыз жөн.
Таңертең 3 шыны кефир ішіңіз, түсте 500 мл шырын ішесіз. Ал кешке тағы да 3 шыны кефир ішіңіз. Тазалану мерзімі – 2 тәулік.
КЕФИР мен ЗЫҒЫР ұны
Зығыр – артық салмақтан арылтатын керемет азық әрі асқазан жолдарының жұмысын реттейді. Ал зығырдың дәні, майы немесе ұны ішекке өте пайдалы. Ішті жүргізіп, жұмысын жеңілдетеді. Егер кефирге араластырып қолданатын болсаңыз, онда ішекті толық шлактан тазалап, саулығын жақсартады. Ол үшін 1 стақан кефирге 50 гр. зығыр ұнын араластырып ішіңіз. 30 минуттан соң тағы да ішесіз. Емделу мерзімі – 1 күн. Емдік қасиеті мол сұйықтықты ішкен соң 4 сағаттан кейін-ақ керемет нәтижесін көресіз.
КЕФИР мен ҚАРАҚҰМЫҚ
Бұл әдісті көбінесе артық салмақтан арылғысы келетіндер кеңінен қолданады. Иә, кефирге қарақұмық қосып ішсеңіз, ішекті шлактан тазалайды, асқазан, ас қорыту жолдарын «жуады». Емдік қоспаны дайындау үшін қарақұмықты қайнатасыз. Піскен соң кефирмен араластырыңыз. Ботқаға тұз бен шекер қосуға болмайды. Ботқаны таңертеңгі асқа және кешке ұйқыға жатардан 1 сағат бұрын жейсіз.
Емделу мерзімі – 2 апта. Осы уақыт өткен соң артық салмақтан арыласыз, өзіңізді жақсы сезінесіз әрі үлкен дәрет уақыты қалыпқа келеді.
КЕФИР мен ҚЫЗЫЛША
Бұл екеуі ішекті шлактан тазалайды, бойыңызға сергектік сыйлайды. Егер сымбатыңыздың сымдай тартылғанын, ажарыңыздың әдемі болғанын қаласаңыз, онда кефир мен қызылшаның көмегіне жүгініңіз. Таңертең 100 гр. қайнатылған қызылша мен 1 стақан кефир ішіңіз. Түскі және кешкі асқа да 100 гр. қызылша мен 200 гр. кефир ішесіз.
Емделу мерзімі – 1 күн. Ертеңіне көкөністен дайындалған қайнатпа сорпа ішу керек.
фото: krdmschmgk.ru
КЕФИР мен КЕБЕК
Бұл тері ауруларына шалдыққан, іш қату мазалайтын, семіздікке шалдыққан жандарға арналады. Емдік қоспаны түнде дайындап қою керек. Ол үшін 2 литрлік банкіге 200 гр. кебекті саласыз. Үстіне кефир құйып, тоңазытқышқа қойыңыз. Таңертең қоспаны теңдей етіп 3-ке бөліп, таңертең, түске және кешке ішіңіз.
КЕФИР мен ЗӘЙТҮН майы
Емді күніне 2 рет, яғни таңертең және кешке қабылдау керек. 1 шай қасық зығыр майын ішіп, артынан 2 стақан кефир ішесіз. Бұл әдіс іш қатуды болдырмайды, іштің кебуін, желденуін емдейді әрі артық салмақтан арылтады.
Емделу уақыты – 2 тәулік. Осы уақыт өткен соң ішек толықтай шлактан, улы заттан тазаланады.
ТАЗАЛАНУ КЕЗІНДЕ:
- күніне 2 литрден кем су ішпеңіз. Қою демделген шай мен кофені ішіңіз;
- майсыз ет пен балық жеңіз;
- қайнатылған немесе бұқтырылған тағамдарды жеңіз;
- алкоголді және газды суды шектеңіз;
- тәтті мен балмұздақты ұмытыңыз;
- фастфудты ешқашан жемеңіз.
Тазалану әдісін 2 айда бір рет жүргізу керек. Егер тазалану кезінде қандай да бір ауыртпалықты сезсеңіз, бауырыңыз ауырса, тазалану әдісін кейінге қалдырып, терапевт дәрігердің кеңесін алыңыз.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: bezotravleniy.ru
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Мына АЛТЫ жағдай ИММУНИТЕТТІ әлсіретеді
БОРЖОМИ + СҮТ - ЛАРИНГИТТІ емдейді
Тістің ҚИСЫҚ шығуына ерте жаста ЖҰЛДЫРУ себеп болады – дәрігер