​ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады

0
12 052

Бұл «дәрілер» әрбіріміздің үйімізден табылады


​ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады

фото: ivkult.ru

Бұл тұмаудың түрі жаман. Дәрі ішсеңіз де жазылмайды. Жамбасқа салған укол да, тамырға жіберетін система да ем болмай тұр. Дәрігердің жазып берген емін 7-10 күн жүргізсеңіз де, денеңіздің құрысып-тырысқаны жазылмай, бойыңызды билеген әлсіздік басылмайды. Жөтел кетпей, басыңыздың ауырғаны қоймайды. Ал бұның жалғыз емі – тер екенін білесіз бе? Одан бөлек, үйіміздегі мына заттар да керемет болады.


Суық ТЕРМЕН шығады

Жоғарыда айтқанымдай бойыңызды билеген суықты тек термен ғана шығарып, дертіңізге дауа табуға болады. Ол үшін ыдысқа ыстық су құйып, аяғыңызды салып 20 минут отырасыз. Сосын 1 шыны таңқурай немесе лимон қосылған ыстық шай ішіп, жылы оранып жатыңыз. Жаныңызға ауыстыратын киім қоюды ұмытпаңыз. Себебі жарты сағаттан соң малмандай су болатыныңыз анық.


Алоэ

Жүзжылдық өсімдік саналатын алоэның мұрыннан аққан суды тоқтататын қасиеті бар. Ол үшін 2 апта су ішпеген алоэ жапырағын кесіп аласыз. Сығып сөлін ыдысқа құйыңыз. Күніне 3-5 рет 2-4 тамшыдан мұрныңызға тамызып отырасыз. Кесілген жапырақты тоңазытқышта сақтау керек.

фото: medaboutme.ru

Қыша

Құрғақ қышаны мақта матадан тігілген шұлыққа сеуіп, киіп жатыңыз. Емді түнгі ұйқыға жатар кезде жүргізген дұрыс. Түнімен терлеп, таңертең жеңілдеп тұрасыз.

Немесе ыдысқа дене күймейтіндей температурадағы ыстық суды құясыз. Оған пышақтың ұшымен қыша араластырып, аяғыңызға ванна жасайсыз. Бұл да суықты шығарып, тұмаудан жазылуға септігін тигізеді.


Картоп

Кеңдеу ыдысқа 2 дана картоп салыңыз. Үстіне салқын су құйып отқа қоясыз. Мүмкіндік болса қайнап тұрған буымен ингаляция жасаңыз. Болмаса ыдысты столға қойып, басыңызды жақындатасыз. Сосын басыңызды ыдыспен бірге орап, терең-терең дем алыңыз. Бұл ингаляция мұрын, тыныс, тамақ жолдарындағы инфекцияны, вирусты, микробты өлтіреді, өкпені қақырықтан тазалайды. Картоп буымен демалған соң бірден жөтел де басылады.


Мүкжидек

Мүкжидек (клюква) немесе итбүлдірген (брусника) – С дәруменінің қайнар көзі. Өздеріңіз білетіндей аталған дәрумен иммунитетті көтереді. Егер дене қызуыңыз көтеріліп, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, онда 1 стақан ыстық мүкжидек қайнатпасын ішіңіз.


Пияз

Пияз шырыны – жөтелдің «жауы». 1 бас пиязды сығып сөлін аласыз. Оған көлеміне қарай шекер немесе бал араластырып ішсеңіз, жөтел сол сәтте-ақ басылады.

Егер пияз шырыны ұнамайтын болса, онда пияз иіскеудің өзі де ем екенін біліңіз.

фото: Яндекс.Дзен


Таңқурай

Бұл жидектің құрғақ түрі де, тосабы да, тіпті жапырағы да дертке дауа болады. Таңқурайдың қызуды түсіретін, терлететін және бойыңызды балқытатын қасиеті бар. Тұмаумен ауыра бастағаннан-ақ таңқурай қосылған шай ішуді әдетке айналдырыңыз.


Бал

Жылы шайға, шөп қайнатпасына немесе сүтке бал араластырып ішіңіз. Жатар кезде ерітілген балды көкірегіңіздің айналасына, өкшеңізге, жауырыныңызға жағып жатыңыз. Бал терлетіп бойыңыздағы суықты шығарады.


Сүт

Сүтті қайнатасыз. 1 стақан сүтке 0,5 шай қасық ас содасын немесе сары май қосып ішіңіз. Бұл құрғақ жөтелге ем болады.


Қызылша

Қызылша қайнатпасын мұрынға тамызасыз. Бұл балаларға да, кішкентай бөпелерге де пайдалы ем болмақ.


Сарымсақ

Сарымсақтың 1-2 тісін үккіштен өткізесіз. Оған бірдей көлемде бал араластырып, 1 ас қасықтан сумен бірге қабылдайсыз. Емді күніне 1-2 рет жүргізу керек.


Бұл ұсынылған емнің бәрі кез келген жастағы адамдарға пайдалы. Басыңыз ауырып, қызуыңыз көтеріле бастасымен-ақ дәріге жүгірмей, осы емді қолданыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: 7dach.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жиі АУЫРАТЫН балаға МЫНА әдісті жасаңыз


ЖҮРЕГІҢІЗ АЙНИ БЕРСЕ КАРТОП шырынын ішіңіз


СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады