​«12 жылдан кейін таптым»: Ерке Есмахан Раймды не үшін таңдағанын ашып айтты

0
3 660

«Біздің жатын бөлмемізде не шаруасы бар?!»


​«12 жылдан кейін таптым»: Ерке Есмахан Раймды не үшін таңдағанын ашып айтты

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өмірі, отбасы жайлы оқырман сауалдарына жауап берді. Өнер иесі ажырасқан келіншектерге ақыл айтып, екінші рет отбасын құруға асықпау керегін жазды.


Ерке Есмаханға тыңдарманы «Ажырасқан соң күйеуді қалай табуға болады? Оларға сену қиын екен» деп сауал жолдаған.


«Мен мысалы, ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған «муж для галочки» керек емес еді. Маған мені түсінетін, аялайтын, қалай бар, солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығам деп өз-өзіме сөз бердім. Аллаға шүкір, осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. «Анда жоқ, мында жоқ» деп жүріп таптым.


Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ. Фокусты өзіңізге бұрыңыз. Тұрмыста, тұрмыста емес деген статус емес, бастысы – бақытты болу», - деп жауап берді әнші.


Өнер иесіне тағы бір оқырманы жатын бөлмесін көрсетуін өтінген.


«Мен жақында ерінбей отырып, біраз адамды блокқа жіберемін-ау. Маған кейде орынсыз нәрсе жазатын әйелдер көп. «Қаңғып жүре бермей» деп дікеңдейтіндер бар немесе өздерін білгіш санап, ақыл айтатындар бар. Және мені ұнатпаса да тығылып қарап жүретін «крысалар» бар. Олар шыдамай кейде жазып қалады, көрсем бірден бұғаттап тастаймын. Мынау не сұрақ, не ой енді?! Біздің жатын бөлмеміз неге қызық болды екен? Жатқандарыңызды неге көрсетпейсіз демегеніне шүкір», - деп ашуланды Ерке Есмахан.