«2,5 млн теңге» : Танымал асаба Қазақстанда қалың малдың өскенін айтты

0
1 664

«Сонша қалың мал төлеп алғанда, екі жас жарасып өмір сүрсе қанеки?!»


«2,5 млн теңге» : Танымал асаба Қазақстанда қалың малдың өскенін айтты

Пандемия кезінде қалың мал көлемі 50% - ға өсті. Бұл үйлену тойлары барынша шағын, қарапайым бола бастағанына байланысты, яғни күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың қалың малына жұмсауға болатын қаражатты қалай болса да шығара алады, - деп жазады exk.kz сайты.

– Қалыңның орташа мөлшері қазір 1,5-2 млн теңгені құрайды. Ал ең көбі 2,5 млн теңгеге дейін барып жатыр, - дейді алматылық асаба Бексұлтан БАЙБАЛА.

Тәжірибелі тамаданың айтуынша, қалыңның астрономиялық жылдамдықпен өскені дағдарыс жағдайында қалыпты емес.

– Күйеу жігіттің отбасында қанша шығын бар екенін елестетіп көріңіз. Сыйлықтар, жол шығындары, тойды өткеру бар. Сондай-ақ, ажырасу өте көп екенін ескеру қажет. Жас жұбайлар тіл табыспауы мүмкін. Сонда не істеу керек? - деп баса айтты тамада.

Сонымен бірге, тамада қалыңдықтың да шығыны көп екенін айтады.

Қыз жасауына жиһаз сатып алу да қымбатқа түседі. Сондықтан 1,5 млн теңге қолайлы мөлшерлеме деп есептеймін, - дейді БАЙБАЛА.