​«4 бриллиант жиынтық, бренд сыйлық, қомақты ақша»: Ерке Есмахан ата-енесіне үйіп-төгіп сыйлық берді

0
5 497

«Ата-енем менің бағым»


​«4 бриллиант жиынтық, бренд сыйлық, қомақты ақша»: Ерке Есмахан ата-енесіне үйіп-төгіп сыйлық берді

Танымал әнші Ерке Есмахан Оралдан Алматы қаласына қыдырып келген ата-енесімен қалай уақыт өткізгенін көрсетіп, отбасылық суретін желіге жариялады.


Әнші Райм мен Ерке Есмахан ата-аналарына оңтүстік астананың әсем жерлерін көрсетіп, қаланың ең танымал мейрамханаларынан тамақтандырған. Ерке енесіне бриллиант тастармен көмкерілген 4 алтын комплект, шаш бұйралауға арналған бренд жиынтық тарту етті. Ал Райм әкесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тарту еткен сағатты сыйлады. Сондай-ақ әкесіне қомақты қаражат берді.


«Алладан бақ сұрау керек. Алла маған сол бақты үйіпберген. Шүкір! Ата-енем де сол бағым! Папа-мамам ақ жүректерімен «Сендей қызымыз бар, бізге бұйырғаныңа шүкір. Рәкөшке рахмет, сені әкелген. Қалған сөйлегендер сөйлей берсін» деп отырады. Қалай бақ демейсің енді?


Күйеуімнің, ата-енемнің разылығын алуға, жақсы келін болуға, осы әулеттің ұрпағын жалғастыруға барымды саламын. Сіздерді жақсы көремін, отбасым! Аллаға сансыз шүкір айтамын. Папа-мамызды жақсылап қыдыртып, сый-сияпатымызды беріп, бүгін қимастықпен Оралға шығарып салдық» деп жазды Ерке Есмахан.


Оның бұл жазбасына әнші Райм да «Сені сүйемін» деп жауап қалдырған.