"АБЫРОЙЫМДЫ ТӨКТІ": Жанар Хамитова 11 жылдан соң Нұржан Керменбаевты кінәлады

0
4 868

"Жанарға үйленбегені дұрыс болған" дейді көрермендердің біразы.


фото: ашық дереккөзден

Он бір жыл бойы сахнадан жырақ жүрген Жанар Хамитова "Капкарашкамен" арасындағы болған жайтты жайып салды. Оның айтуынша, Нұржан Керменбаев оны ақша үшін сатып кеткенімен қоймай, абыройын төккен. Бұл туралы әнші КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты.

Бағдарлама барысында түрлі шындықтың басы ашылып, шешімін таппай келген мәселелердің түйіні қойылды. Ұзақ уақыт үзілістен соң қайта сахнаға оралған әншінің сол кездегі ескі жараның сызы жүрегінде қалып қойған көрінеді. Жанар әке-шешемнің алдында абыройым төгілді деп қынжылады. Көпшіліктің алдында ұятқа қалдырғанымен қоймай, ақшасын бермей қойған Нұржанға барлығы "садақа" деп сөзін түйіндеді.

"Біріншіден ақшамен, екіншіден абыройымды төкті, үшіншіден ата-анасымен менің әке-шешемнің көзінше төккен. Ол кезде 17 жастамын. Оның қателігі болды, менің де қателігім. Ал, мен өз қателігім үшін жаза алдым. Садақа дедім, Ақшасы да құрып кетін. бәрі құрып кетсін! Мен сол күні подьезде қондым. Ал, келесі күні екі сағаттай бейнебаянға түсіп, содан кейін мені Жанка Сабирова үйіне алып келді. Міне, сіздерге, астарлы ақиқат!", - деп он бір жыл бойы жасырып келген құпиясын ашты.

Ал, өз кезегінде көрермендер Жанардың бұл пікірімен түбегейлі келіспейді екен. Өзінің көп қиыншылықты көріп, басынан ауыр кезеңін айтқанына көп болмаса да, Сиви Махмудидың қолдауынан соң сөйлер сөзі өзгеріп кеткенін айты. Өзіне продюсерлік қолдау көрсетіп жүрген Сивимен де ұзақ уақыт жұмыс жасай алмайтынын алға тартты көрермендер.

"Әке-шешесін тыңдамай бетімен кеткен қыз ғой. Не үшін далада қалды дей бересіңдер, ата-анасы бар ғой", "Жанара, құтырып кетіпсіз, Алысқа бара алмайсың!", " Нұржанның әйелі мынадан мың есе жақсы ғой. Жанарға үйленбегені дұрыс болды", - деп өз пікірлерін білдіріп жатыр.

ERNUR.KZ