​«Әйел бәріне көну керек...»: Алтынай Жорабаева жазбасымен жұртты ойландырып қойды

0
8 223

«Ері әйеліне, әйелі еріне көмектесіп өмір сүрсін»


​«Әйел бәріне көну керек...»: Алтынай Жорабаева жазбасымен жұртты ойландырып қойды

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева күйеуінен зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер жайлы сөз қозғады. Өнер иесі қыз баласының мойнына кішкентайынан үлкен жауапкершілік артуға болмайтынын айтты.


«Неге «Қыз сыны», неге «Жігіт сұлтаны»? Әу бастан қыз баласын сынға алып, бәрін әйел баласынан талап ету, бүкіл жауапкершілікті әйел адамға артып қоюды қанға сіңіріп, ойға түйіп тастаған сияқты ма, қалай өзі?


Қыз нәзік, қыздың жолы жіңішке, қызға қырық үйден тыйым дейді де, «Қыздың қырық жаны бар» деп қоятынымыз қалай? Былай қарасаң, нәзік, әлсіз деген сияқты айтып келіп, бірақ сол әлсіз жаратылысқа үстімдік жасап, әлсізге әлімжеттік көрсетіп, бірақ қайтадан бүкіл үйдің тірлігін, бүкіл жауапкершілікті, яғни күйеуі ішіп кетсе, құмар ойын ойнап кетсе, ішіп келіп ұрса, жүрсе, әйел үнін шығармай, көніп, бала-шағаны бағып, үй шаруасын жасап жүруді талап етуді қалай түсінуге болады?


Нағыз ер-азаматты сыйламайтын, тапқан табысының берекесін қашырып отыратын әйелдер де бар. Сондықтан «мынау еркектің, мынау әйелдің жұмысы» деп бөлмей, кішкентайынан ұлды да, қызды да үй шаруасына, дала шаруасына да баулып тәрбиелегенде, әйелі еріне, ері әйеліне көмектесін, түсіністікпен өмір сүріп, берекелі отбасы болады деп ойлаймын», - деді Алтынай Жорабаева.


Оның бұл сөзін «Инстаграмдағы» оқырмандары да қолдай кетті.


«О бастан халқымыздың шамасы тек әйел адамдарға келетін болған сияқты», «Осы жерден қоя салшы, «күйдім, сүйдім» деп қосылады де, уақыт өте келе «махаббат жоқ» деп шығады. Әр қиыншылықтың артында жақсылық бар деген, соған жеткенше шыдау керек», «Ұлды да, қызды да жақсылап тәрбиелеу керек», «Өте дұрыс айттыңыз, әйел ештеңеге міндетті емес, еркек өзіне жауапкершілік алып үйренсін», «Өз өміріңізді жазып отырған сияқтысыз, күйеуіңіз дұрыс па әйтеуір?» деп жазды желі қолданушылары.