Әнші Ақбота-Нұр мен Дәурен Айдарқұлов қайтадан қосылған.
Олар отбасымен бірге Мекке қаласына аттанды. Бұл туралы Ақбота-Нұр әлеуметтік парақшасына жариялады. Суреттен Дәурен Айдарқұловтың қарындастары мен туыстарын байқауға болады.
"Алла өзінің үйіне қонаққа шақырды. Аллаға сансыз шүкір" деп жазған әнші.
Ал ерлі-зайыптылармен түскен суретін әншінің директоры Гүлнұр Серікбай өз парақшасына жариялаған.
Желі оқырмандары арасында бұл жұптың бейнежазбасы да таралып, талқыға түсті.