​«Ақшадан тігілген шапан»: Әнші Нұржан Қалжанға достары ерекше сыйлық жасады

0
2 128

40 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті


​«Ақшадан тігілген шапан»: Әнші Нұржан Қалжанға достары ерекше сыйлық жасады

Даусы ерекше әнші Нұржан Қалжан 40 жасқа толған мерейтойын туыстары, достары мен өнердегі әріптестерінің ортасында атап өтті. Әнші тойды өзінің арнау-әнімен бастап берді.


«Қуанышымды бөлісіп келген баршаңызға басымды иіп алғыс айтамын. Майра Ілиясова апайым бастап келген өнердегі ағаларыма, әпкелеріме, замандастарыма көп рахмет» деді әнші.

Нұржан Қалжан туған күнінде анасы мен қайын енесіне жаңадан жазған «Анашым» әнін орындап, алғысын айтты. Әншінің достары да қос анаға гүл шоқтарын тарту етті. Тойдың бір ерекшелігі, Нұржанның достары «ақшадан тігілген ерекше шапан сыйлады. Бірі құндыз ішік, енді бірі аңға шығатын жиынтық әкеліпті. Сыйлық жауған күн болды.


Өнер иесінің қуанышына өнердегі әріптестерінен Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Майра Ілиясқызы, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Құдайберген Бекіш, Бүркіт пен Аиша, Ұланғасыр Қамиев, Асқар Жүнісбеков, Роза Әлқожа, Ғани мен Бота, Жанболат пен Жазира және тағы басқалары келген.