«Алтыннан шашу шашылды»: Жылдың ең атышулы тойына қатысқандар не дейді?!

0
3 704

«Өз тойында өзгелерге сыйлық берді»


«Алтыннан шашу шашылды»: Жылдың ең атышулы тойына қатысқандар не дейді?!

Белгілі психолог, коуч, мотиватор Балқия Балтабай тұрмыс құрып, қазақ елінде көптен күткен дүбірлі той өтті. Бұл тойдың көп тойдан көптеген ерекшелігі болды. Ешқандай тойға ұқсамайтын, форматы бөлек, өзгерістерге толы тойды әлеуметтік желідегі оқырмандар да тікелей эфирде тамашалады. Бірақ, тойды көру ақылы болды. Одан түскен қаржы Арыстағы 2000 адамдық мешіт пен медресеге берілді.


Желіде блогерлер бұл тойды «Жылдың атышулы тойы» деп жазып жатыр. Расымен, жарнамасы «жер жарған» тойдың басқа тойлардан ерекшелігі, тост айтылмады. Тек екі жастың ата-анасы ғана ақ тілегін ақтарды. Келген қонақтардың бәрі ән тыңдап, би билеп, ойын ойнап, бағалы сыйлықтар мен тойбастар алып қайтты. «Алтыннан шашу шашылған күн болды» деп жазды тойға қатысушылардың бірі.


Той басталмас бұрын Балқия ханымның күйеуі Мұрат Анарбек: «Кішкене толқып тұрмын. Бұл күнді көптен армандаған едім. Қуаныштан толқып тұрмын» десе, қалыңдық «Мен ертегіде жүрген сияқтымын. Екінші жағынан «жоспарлар қалай болады екен?» деп толқып тұрмын» деп салтанатты шара алдындағы көңіл-күйімен бөлісті.


Ерлі-зайыптылар Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде ашық аспан астында неке қию рәсімін жасап, неке құжатына қолын қойды. Ал мейрамхананың ішіне «Венский вальспен» шықты.


Өз тойында өзгелерге сыйлық берген жұбайлар елді сонысымен де таңғалдырды. Ата-аналарына Умра қажылығына жолдама сыйлады. Одан бөлек, тағы біраз адамға қажылыққа жолдама берді.


Тікелей эфирде Балқия ханымның арнайы видеоролигі шықты.


Қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары Қуандық Рахым, Калифарния, Бүркіт пен Аиша ән айтып, жиналғандардың көңілін көтерді.


Ойын жеңімпаздарына алтын, бағалы сыйлықтар үлестірілді.


Мұрат Анарбек жұбайына арнап Мейрамбек Беспаевтың әнін нақышына келтіре орындағанда әсерленбеген адам қалмаған шығар.