​«Ән айтқанда құлағым естімейді»: Мөлдір Әуелбекова концертте әнінің сөзін ұмытып қалды

0
7 816

«Ән қайда, мен қайда? Халқым өзі айтып шықты»


​«Ән айтқанда құлағым естімейді»: Мөлдір Әуелбекова концертте әнінің сөзін ұмытып қалды

Эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова ашық алаңда өткен концертте айтып тұрған әнінің сөзін ұмытып қалды.


Бұл туралы әншінің өзі «Инстаграм» парақшасына жазды. «Бүгін шәәәәәәйдім. Сіздерге дәл осылай еркелемегеніме біраз болыпты. Ән қайда? Мен қайдааа? Сөзін ұмытып қалдым. Әнімді халқым өзі айтып шықты» деді ол.


Сосын көпшіліктің алдында ақталып, жағдайды түсіндіруге тырысты.


«Күшті концерт болды. Мен енді декреттік демалыстан кейін ресми түрде үлкен сахналарға шығып жатырмын. Әндерімнің тексттерін ұмытып қалғам. Қызық болды солай. Бір еркелігімді халқым 20 жылда бір көтеретін шығар. Ән айтқанда естімегендіктен, наугад айтамын. Себебі құлағымды 2 слой орамал жауып тұрады» деді Мөлдір Әуелбекова.


Әншінің тыңдармандары бұл қателікке кешіріммен қарады. «Ондай-ондай ханның қызында да боп тұрады, ештеңе етпейді», «Жанды дауыста ән салу оңай емес. Сіздің шынайылығыңыз көрініп тұр», «Өзіңіз айтпасаңыз біз білмес те едік, неткен адал адамсыз», «Халық көтеріп кетті, көптің сүйікті әншісі деген осы», «Фонограммамен аузын жыбырлатып тұратын шегірткелерден сіздің ұмытып қалғаныңыз мың есе артық болды» деді көпшілік.