Әнші Айқын коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

0
1 309

Коронавирус індеті пневмония дертімен астасып, әнші ауруханадан бір-ақ шыққан.


Әнші Айқын коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті


Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген өзінің Instagram парақшасында коронавирусқа тест тапсырып, инфекция жұқтырғанын растады. Ол пневмонияға шалдығып, үйінде ем қабылдаған. Екі күн бойы дене қызуы көтеріліп, тұра алмай жатып қалғанын соң аурхана жатуға мәжбүр болған.
Қазір ауруханада емделіп жатыр.


"Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. 2 күн температура көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар ол аурухана қабырғасында жағдайын жасап жатқан дәрігерлерге алғыс айтты.

"Мені қайта аяққа тұрғызып, тәбетімді қайтарған барша медицина қызметкеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің. Сенбей жүргендерге айтарым, үйде отырыңыздар", - деп жазды ол.