Атаққа қарағанда маған ақша маңызды.
Күйші Асылбек Еңсепов соңғы жылдары кәсіппен айналысып, шетелде тұрған. Америкаға білім қуып барған ол заманауи музыканың сырына үңіліп, қазақ сахнасына жаңалық алып келуге күш-жігерін салып жатқанын айтты, деп жазады kyn.kz.
Соңғы кездері музыкантты көпшілік халықаралық деңгейде үлкен кәсіпті қолға алып, елдегі атақты байлардың қатарына қосылды деп жатты. Өнер иесі халық арасындағы әңгіменің растығын ашық мойындамаса да, кәсіпкерлікке бет бұрғанын жасырмады.