"Аяққа тұруыма себепкер болған кісі": Оқырмандары Индира Расылханның бұрынғы күйеуін шатастырып алды

0
4 313

Оқырмандар екі танымал композиторды атаған.


Белгілі әнші Индира Расылхан әлеуметтік желіге өз өмірін әңгіме етіп жазып жүргенін бұған дейін айттық. Болашақта оны кітап етіп шығару да әншінің жоспарында бар. Қазір қысқа-нұсқа етіп, оқырманын хабардар етіп жүр. Өзінің алғашқы махаббаты мен екі қызының әкесі туралы айтқан ол, басты кейіпкердің аты-жөнін нақты атамады.

Сондықтан болса керек, оқырмандар өз нұсқаларын да жиі жазып жүр.

Мұны байқаған әнші, әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына "Мұзият оқыңыздаршы" деп жазды.

Кей тыңдарман айтқандай, әншінің бұрынғы күйеуі Ермек Елгезеков емес екен. Оны мына жазбасынан аңғаруға болады.


Индира Расылхан: НАМЫС.

Сіздер менің әңгімемлі мұқият оқыңыздаршы.
Ермекпен шатастырып жатқандарыңызды оқып қалдым. Ермек маған сол сәтте қол ұшын созып, керісінше менің. Индира Расылхан болуыма, аяққа тұруыма бірден бір себепкер болған сол кісі.

Ермекпен жұмыс басталды. Басталды деп айтам ау, студияға күнделікті келіп, кешке кеткендігім болмаса, басқа өнерім мен өмірімде ешқандай өзгеріс болмады.

Бір ай жатақханада тұрдым. Жас студенттердің арасында маған ешқандай қызық болмады. Оның үстінде студиядан кеш шығып, жатақханаға кіре алмай қалып жатамын. Түннің бір уақытында күнделікті таксимен жүруге ақшаның реті де жоқ.
Жеке өзім пәтер жалдап тұру мен үшін арман болды.

Өзіме бір риза болатыным, бірінші істеп көріп, сосын ойланатын адаммын. Сол шешімдерім мені қателестірмеді.




Серік ағама мән жайды жеткіздім.
-Аға, мен жатақханада тұра алмаймын, әзірге достарыммен бір жерде тұра тграмын,- дедім де, бір күнде жиналып, жатақханалан кетіп қалдым.
Шынына келгенде кел біздің үйге келіп тұр дейтін достарым да, туыстарым да болмады.
Туыстарым не істеп жүрген адамсың, одан да ауылыңа қайт, екі қызыңа қара, Алматыда өмір сүре алмайсың, дегенде намыстан жарылып кетуге бар едім.
Сол кезде екі достарымның айналып үйлеріне бара беруші едім.
Бірде жақтырады, бірде жақтырмайтынын байқаған сәтте, сол күні қайда барарымды білмей абдыпап қалатын кездерім де болды. Ол екі досым мені туыстарында жатады деп ойлайды, Ермек достарының үйінде деп ойлайды, ал туыстар, достарымен бірге тұрады деп ойлайтындай етіп, ешкімге нақты тұрып жатқан жерімді айтпаушы едім.

Кейде Ермекті студиядан шығарып салып, мен қазір мына жерді жинастырып шығамын, сен кете бер, ертең ерте келемін деп кілтті алып қалып, сол студияның бір бұрышында жата қалатын кездерім көп болды.
Кейде тым кеш шыққан түні, сыртта беседкаларда ұйықтап таң атырған кездерім де болды. Күн салқындай бастағанда вокзалға барып қонатын кездерім де болған.
Сол кездегі бар арманым, бар ниетім, тек әнші болу және де қыздарымды бағу еді.
Басқа арман жоқ.

Бір күні Ермек біліп қойып, ұрысып, достарыңа айтсаңшы, әзірге үйлерінде тұрайын деп өтінсеңші деді".


Әнші өзінің ол композитордан көп жақсылық көргенін және онымен жазған әндерінің бәрі де хит болғанын айтқан.

Мұны оқыған оқырмандары түрлі пікірлерді жарыса жазуда. Бірі: "Айып етпе бір-екі посты өткізіп алып түсінбей қалдым.2 қызың қалай пайда болды.Үйленбей босандың ба?Кімнен?Айып етпе.Қызық кітап оқып отырмын.Басынан оқиын десем мына құрғыр сотканы түсінбеймін" десе, келесісі "Индира сіңілім, басыңнан біраз жағдай өткен екен, бар қиындыкка мойынсынбапсың!" деп қолдауларын білдірген.

Сонымен қатар, кейбір оқырмандар оның бұрынғы күйеуі Ермек Елгезеков емес, Бағлан Омаров екенін жазған.