Әзілкеш Марат Оралғазин ант қабылдау рәсімінде қателескен мәжіліс депутаттарын қалжыңмен түйреп өтті.
Ол Байденнің ант қабылдау сәтіндегі видеосын елдегі депуаттардың ант беру кезіндегі қателескен сөздерімен дыбыстаған.
"Осылай болса! Ал құтты болсын! Бізге пайдасы тисін! Құрметті пабликтер, алсаңдар белгілеп қойыңыздар. Еңбек бар ғой" деген Марат Оралғазиннің бұл видеосын 60 мыңға жуық адам көріп, бірнеше танымал топтар өздеріне бөліскен.
Әзілкештің оқырмандары оның тапқырлығына тәнті болып, күлкіге қарық болған.