Баладан басқа бақыт жоқ па? Бақыт баламен шектеле ме? Сонда баласы жоқтар мәнсіз, бақытсыз өмір сүріп жатыр ма?
Еуразия телеарнасындағы «Қалаулым» бағдарламасының жұлдызды жұбы Еркебұлан Ахметбек пен Елшін Жанерке жуырда тағы бір киім дүкенінің лентасын қиды. Жанеркенің дүкендерінде бұған дейін тек әйелдер киімдері сатылса, Еркебұланмен бас қосқаннан соң ол ер адамдар киімін де сатуды жөн көрген секілді.
Ол инстаграм парақшасында «Бұл жолғы бутик жігіттерге де арналады» деп жазып, дүкен лентасын күйеуіне қидырды.
Жаңа дүкеннің ашылу салтанатын видеоға түсіріп парақшасына салған Жанеркеге құтты болсын айтқандармен бірге сын білдіргендер де бар.
«Бәрінің қолдарында телефон түк көрмегендей видео түсіріп...», «Осы қыз да мақтаншақ болып кетті ме қалай?», «Төрт затты іліп ашады, оны инстаға салып, арендаға бутик алып, оған ашылу не керек?» деп сын айтқандардың арасында «Құтты болсын, бірақ осылай магазин аша бергенше балалы болуды ойлау керек емес пе? Бала-шағаң болмаса мұның бәрі кімге керек?!» деп қынжылыс білдірген оқырман да бар.
Бұл оқырман сөзі жастардың санасында «Сонда баладан басқа бақыт жоқ па? Тұрмысқа шыққан қыз тек бала тууды ойлау керек пе?» деген сауалды тудыратыны анық.
Шынында, өмірдің мағынасы, әйелдің бақыты тек баламен шектеле ме? Сіз қалай ойлайсыз, оқырман? Ойыңызбен бөлісіңіз!
Фото мен видео: @erkebulann_zhanerke
Тағы да оқыңыз:
«Жолдасыңызға ТАЗАЛАТЫП ҚОЙҒАН не деген мықты әйелсіз» - оқырман Дана Нұржігітке сүйсінді (ВИДЕО)
«Ер адам әйеліне анамнан аумайсың деп айтуға болмайды» - оқырман Балғынбекке ақыл айтты