"Балалар бұлқан-талқан": Жұлдыз Абдукаримова балаларының назын жеткізді

0
1 211

"Оның себебі бар" - дейді актриса.


Көпке белгілі актриса Жұлдыз Абдукаримова балаларының назы туралы айтты. Олардың бұлқан-талқан болуына "Соңғы қоңырау" мерекесінің 1 маусымға ауысқаны.

Бұл туралы актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына, "Үйде балалар бұлқан-талқан!
Себеп мынау, биыл соңғы қоңырау әдеттегідей 25-мамыр емес, 1-маусымға ауыстырылған екен.

Енді екі мереке бір күнде болады. 1 маусым - балаларды қорғау күні және соңғы қоңырау соғылады.
Мұнымен келісесіздер ме? Балалар қалай қабылдады?"
деп жазды.

Бұл жазбаны оқыған оқырманның көбі "Соңғы қоңырау" мерекесінің күні ауысқанын аса қолдамайтындарын аңғару қиын емес. Себебі олар, "Келіспеймін 5 күн қосқанда бірдеме өзгеретіндей Әйтеуір білгендерін істеп жатыр бүйректен сирақ шығарып басшылар... 1 күн оқып 6 күн демаламыз демесе болды", "Балалар да, мұғалімдер де дұрыс қабылдамаған, жоғары өзі ойлады сол ойларын өздері мақұлдады. Халықпен санасты ма?сұрады ма? Әрине жоқ..." деген сынды пікірлерді жарыса жазуда.