​«Баланың әкесі мен емес!»: Бейбіт Қорған өзіне жала жапқан адамдарды аямайтынын айтты

0
6 266

«Атына кір келтіргені үшін сотқа талап арыз түсіреміз»


​«Баланың әкесі мен емес!»: Бейбіт Қорған өзіне жала жапқан адамдарды аямайтынын айтты

Осыдан біраз уақыт бұрын «Астарлы ақиқат» бағдарламасына Атырау қаласынан Нұргүл Зиханова есімді әйел келіп,«Бес жасар баламның әкесі – Бейбіт Қорған» деп мәлімдеген болатын. Сөйтіп әншіден әкелік парызын орындап, емдетуге көмектесуін талап етіп, сотқа арыз түсірген еді.


Таяуда Бейбіт Қорған Атырауға арнайы барып, облыстық Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен арнайы зертханада ДНК сараптамасын тапсырды. Сол сараптаманың нәтижесі күні кеше жария болды.


«Достар, азаматша Нұргүл Зиханова үстімнен Атырау облысының сотына арыз жазып, КТК телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында мені баланың әкесі деп заңсыз айыптаған болатын. Осыған байланысты қазір ДНК сараптамасының қорытындысы шықты» деп жазды әншінің өзі "Инстаграм" парақшасына.


Ал оның қорғаушысы Орынгүл Ұзаққалиева «Бейбіт Қорғанға тағылған айып - жалған жала» деп мәлімдеді.


«Халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берейін. Азаматша Нұргүл Зиханова Атырау облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа әкелікгін арнықтау және алимент өндіру ісі бойынша арыз түсірді. Сот ұйғарымы бойынша, 24-қаңтарда Бейбіт Қорған арнайы келіп, сот-биологиялық үлгілерін тапсырды. 27-ақпан күні сот үстінде, барлық қатысушылардың көзінше сараптама нәтижесі ашылып, қорытындысы оқылды. Бейбіт Қорған баланың әкесі болып шықпады. Сол себепті арызданушы Нұргүл Зиханова арызды қайтарып алып, қараусыз қалдыруды сұрады. Сот аталған өтініш бойынша, талап арызды қараусыз қалдырып,Нұргүл Зихановаға сот шығындарын төлеуді міндеттеді.


Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным, біз жеке сараптамалық орталыққа бармай, сот тағайындаған мекемеде сараптамадан өтуге заңды және күмәнсіз қорытынды алу үшін келістік. Соттың түпкілікті шешімі шықпай жатып «Астарлы ақиқат» бағдарламасының қатысушылары Бейбіт Қорғанның тегіне, ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер айтты. Бағдарламаны алдағы уақытта арнайы сараптамадан өткізуді көздеп отырмыз. Бейбіт Қорғанның тегіне, атына, ар-намысына тиетін сөздер айтылып, жеке өміріне қол сұғылғаны анықталса, заңға сәйкес сотқа талап арыз түсіреміз» деді әншінің қорғаушысы.


Еске сала кетейік, «Астарлы ақиқат» бағдарламасы атыраулық Нұргүл Зиханованың арызы бойынша екі бағдарлама арнады. Ол 2018-жылы Бейбіт Қорғанмен қаладағы мейрамханалардың бірінде танысып, соңынан қонақүйде бірнеше мәрте кездескенін айтқан еді.


«...Бейбіттен бала табу ойымда болмаған. Жүкті екенімді білгенде өзіне айттым, бірақ ол «алдырып таста, менікі емес» демеді. Жай ғана «өзің біл» деді, болды. Ұлы барын біледі, суреттерін де жібергем. Әлиханның туабітті бүйрек ауруымен есепте тұрады. Гидронефроз деген диагноз қойылған. Зәр шығару қызметі бұзылған. Тұрақты ем алып тұрамыз. Бірақ балама операция жасату керек. Сол үшін Бейбіт өзінің әкелік міндетін орындап, баламызды емдетуге көмектессін» деген еді Нұргүл Зиханова.