«Барлық рөлі бірдей»: Журналист актриса Дариға Бадықованы сынап тастады

0
2 508

«Ана кинодан шығып, келесісіне кіріп кеткен сияқты»


«Барлық рөлі бірдей»: Журналист актриса Дариға Бадықованы сынап тастады

Соңғы екі жыл қатарынан «Жылдың үздік кино актрисасы» номинациясының иегері Дариға Бадықованың есімі көзі қарақты көрерменге «Бизнес по казахски», «Келінжан», «Күйеубала» фильмдері арқылы жақсы таныс. Қазіргі таңда «Қазақстан» ұлттық арнасында «Күйеубала-2» басталып, көрерменімен қауышты.


Аталған кинотуындыларда басты рөлде ойнайтын Дариға Бадықованы белгілі журналист Мәриям Әбсаттар фэйсбук әлеуметтік желісінде сынап тастады.


– Бадықова жақсы актриса. Шынайы ойнайды. Бірақ барлық рөлі бірдей. Как буд-то ана кинодан шығып, келесісіне кіріп кеткен сияқты. "Келінжандағы" Айсара неғып жүр?", - деп қаласың да басқа кино көріп отырып. Өйткені бәрінде адуын, ұрысқақ, бетке айтатын мінезі сол. Көрерменге өтеді. Бірақ мұның ең жаман жері - ішінде бір кейіпкер жүрген соң бір кино мен екінші киноны айыра алмай, шатасып қаласың. Бұл меніңше - режиссерлердің қателігі. Киноны Бадықоваға емес, Бадықованы киноға икемделетіндей әр түрлі образ беру керек, - дейді журналист.




Ал Дариға ханым болса «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, үлкен арманына қол жеткізгені туралы айтты.


«Мен үнді фильмдерін көріп отырғанда әсіресе биіне қызығатынмын. Қалай бірдей билейді, сарилары не деген әдемі, маңдайы мен қолына таққан әшекейлері қандай, мен Үндістанға барсам екен, басты актриса болып билесем, менің артымдағы актрисалар бірдей билесе деп армандайтынмын. Сол бала кездегі асқақ арманым орындалды. Оны «Бизнес по казахски Үндістанда» фильмі жарыққа шыққанда бәріміз бірге отырып көреміз», - деді актриса.



Сонымен қатар өнер иесі уақыттың қадірін білетінін, әулетіне сіңімді жақсы келін екенін, кейде кино сценарийдегі өз образдарына өзі қарсы шығатынын да жеткізді.