«Басымды кесіп алсаң да кешірім сұрамаймын!»: Ақын Маралтай Райымбекұлына сот шешім шығарды

0
624

«Өзі жаққан отты өзі өшірмей, көргенсіздік танытты»


«Басымды кесіп алсаң да кешірім сұрамаймын!»: Ақын Маралтай Райымбекұлына сот шешім шығарды

Қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, сот саласының ардагері Бекет Тұрғараев танымал ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Маралтай Райымбекұлы мен журналист, блогер Арман Шораевтың үстінен сотқа арыз түсіріп, жеңіп шықты. Бұл туралы «Оinet.kz» сайты хабарлады.


«Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Сарапхана елді мекенінің тұсындағы биік жота басындағы тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағына «Алаш арыстарына» арналған көрнекті 9 тұлғаның ескерткіші орнатылды. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арнап «Анаға тағзым» ескерткіші және атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арнап биік тұғырдағы ескерткіш қойдық. Бұл ескерткіштердің ашылу салтанаты «пандемия» сырқатының кең тарауына байланысты 2021 жылы 30-31 қазан күндеріне белгіленіп, республикалық ғылыми конференция өткізіліп, елімізге танымал тарихшылар мен ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, оңтүстік өңірінің зиялы қауым өкілдері келіп қатысты.



Осы жиынның қонағы болып келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал ақын, Маралтай Райымбекұлы Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына арнайы орнатылған киелілер кешенінің ішін аралап көріп, «Бекет ағам әйелі мен екеуіне болашақта жататын орын дайындап қойыпты, адам жүрегі шошитын қандай дайындық о дүниеге деген» деп телефонына өз даусымен жазып алып кетеді. Бекет ата кешенінің мазмұн-мақсатын анықтап білмей, өзінің ойына келген пікірін журналист, блогер Арман Шораевқа тапсырыс беріп, әлеуметтік желіге таратқан»
деді Бекет Тұрғараев.


Заңгер осы жағдайдан кейін ақынның өзіне жолығып, ел ішіне шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшінкешірім сұрауды талап етіпті. Алайда ақын айтқанын қайтпаған.


«Басымды кесіп алсаң да кешірім сұрамаймын» деп қарсылығын білдірді. Сосын «мен баскесер емеспін, әділдікті, шындықты талап етемін, ар-ожданның тазалығын қорғау үшін, бұл мәселені соттың қарауына ұсынамын» деп, сотқа жүгіндім.


Арман Шораевқа Астана қаласында жолығып, оған да жалған ақпаратты әлеуметтік желіде таратып, азаматтарға кешен жайлы теріс пікір туғызғаны үшін, қателігін түзетіп, әлеуметтік желіде пікір айтуын талап еттім. Өз кезегінде Арман Шораев та бұл талапты үн-түнсіз, аяқсыз қалдырды.


Қазақта «атың шықпаса жер өрте» деген сөз бар, сол айтқандай Маралтай Райымбекұлы жалған ақпарат таратумен атын шығарып, азаматқа лайықсыз сөз таратып, қателігін мойындап, дау дамайды ушықтырмай «өзі жаққан отты өзі өшірмей» көргенсіздік танытты. «Қазақта ақын болу міндет емес, азамат болу міндет» деген қағидалы қара сөз бар, осындай кезде ақынның да адасып, машақатқа салып, кесапат келтіретіндігі өкінішті-ақ» деді сот саласының ардагері.


Айта кетейік, Маралтай ақынның және журналист Арман Шораевтың үстінен Азаматтық кодекстің 8-бабы, 5-тармағы бойынша іс қозғалған. 9-қаңтар күні Тұрғараевтың талап-арызы қанағаттандырып, ақын мен журналиске айыппұл салынды.