"Еркетайым ерледі" деп қуанды әншінің ағасы.
Әнші Ерке Есмахан екінші сәбиін дүниеге әкелді. Ұлды болды.
Бұл туралы Еркенің күйеуі Раим "Инстаграм" парақшасында жазды. "Аллаға шүкір! Қош келдің, ұлым!" деп жазды ол.
Өнерлі жұптың қуанышына әлеуметтік желі қолданушылары да ортақтасты. "Бауы берік болсын!", "Ғұмыры ұзақ, дені сау боп өссін!", "Көбейе беріңдер", "Еркенің жағдайы қалай, атын кім деп қоясыңдар?", "Ұрпағыңмен мың жаса, Еркетайым ерледі" деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Раим мен Ерке ақпан айында некесін қидырып, шаңырақ көтерген. Еркенің бірінші некесінен Мүслім атты ұлы бар. Жүкті екенін өнерлі жұп "Бұл - махаббат" әнінің бейнебаяны арқылы көпшілікке жария еткен еді.