​«Бетімді дұрыстап боямады»: Әнші Қарлығаш Сұлтаншаның әрекетін көпшілік тәкаппарлыққа теңеді

0
2 509

«Менің орнымда Баян болса, басқаша қарсы алар еді»


​«Бетімді дұрыстап боямады»: Әнші Қарлығаш Сұлтаншаның әрекетін көпшілік тәкаппарлыққа теңеді

Әнші Қарлығаш Сұлтанша «Астарлы ақиқат» бағдарламасына қонақ ретінде шақырылып, дегенмен қатыспай, кетуге мәжбүр болғанын айтты.


«Астарлы ақиқатқа» шығуым керек болған. Бірақ макияж дұрыс жасалмағандықтан шықпадым. Өйткені сахна, көрермен, эфир... мен үшін жауапты іс! Эфирге шықпастан қайттым. Үнемі өзімнің визажистіме боянып келетінмін. Алайда бүгін мені эфирдің сыртында не заты жоқ, не бояуы жоқ визажист күтіп алды. Бүгін мен оның бірінші «жұмысы» екенмін. Бұл менің ұстанымыма келмейді!» деді Қарлығаш.


Әншінің оқырмандары оның бұл әрекетін тәкаппарлыққа теңеді. «Имандылық пен қарапайымдылығыңыз қайда қалды?» деп сұрақ қойды олар.


«Мен қарапайым болғаннан кейін осылай қарсы алды деп ойлаймын. Қарапайым болғандықтан түсіндіріп, тілегімді айтып, шығып кеттім. Ал менің орнымда Баян Есентаева келетін болсыншы, қалай қарсы алар еді?! Қарапайым болып жүрудің де өз орны болады, сондай адам екен деп қалай болса солай қарсы алуға болмайды» деп жауап берді Қарлығаш Сұлтанша.