«Бір пиязды қуырып жедік»: Алтынай Жорабаеваның келіні мұқтаж отбасыдан шыққанын айтты

0
3 543

«Қазір бренд киімге, қымбат сөмкеге мұқтаж емеспін»


«Бір пиязды қуырып жедік»: Алтынай Жорабаеваның келіні мұқтаж отбасыдан шыққанын айтты


Әнші Алтынай Жорабаеваның келіні, Талғат Жорабаевтың әйелі, белгілі блогер Аяулым Жорабаева бренд киім, қымбат сөмке сатып алғысы келмейтінін айтты.


«Мен мұқтаж отбасыдан шыққанмын, әкесіз өскенмін. Үйде нан болмаған кездер болды. Анам бірнеше жерде жұмыс істейді. Інім екеуміз үйде қаламыз. Бір күні қарасам, үйде бір түйір пияздан басқа ештеңе жоқ екен. Сол пиязды қуырып, ініміз екеуміз бөліп жедік.


Мен бұл нәрсеге анамды кінәлай алмаймын. Ол бізді асырау үшін алдынан шыққан тірліктің бәрін істеді. «Ертең не жейміз, бүгін не жейміз?» деп ойлап өмір сүрдік. Бұл Алланың маңдайымызға жазып қойғаны, бәлкім осы күнге жету үшін сол кезде сынап, шыңдаған шығар» деді Аяулым.


Әншінің келіні қазір қайырымдылықпен айналысып, көпшіліктен түскен садақаға мұқтаж жандарға баспана әперіп жатыр. Оның мұндай іспен айналысуына бала күннен көрген қиыншылығы себеп болыпты.


«Аяулым қатты өзгерді. Кезінде бренд кигім келіп, «мен неге жұрттар сияқты 1 миллион 300 мыңның сөмкесін ала алмаймын» деп бір кісінің алдына барғам. Сол кісі маған «Сенің қолыңдағы 28 мыңдық сөмкеден оның не айырмашылығы бар, соны ұстасаң бақытты боп, өмірің күрт өзгеріп кете ме? Негізінде екеуінің атқаратын қызметі бір ғой, тек сен миллион теңгені сөмкенің аты үшін төлеп отырсың» деп ойландырып қойды. Осы күні «мен ондай қымбат киімге мұқтаж емеспін» деп отыра беретін болдым. Өміріме шүкір ете бастадым. Үйіме келем де «менің үйіме жететін үй жоқ» деп кәдімгідей қуанамын. «Неге анау олай, мен бұлай?» дегенді санадан өшіріп тастау керек» деді блогер.