"Бір жарым жыл араласпадық": Танымал сексолог әкесінің өзіне деген көзқарасы туралы айтты

0
1 803


Танымал сексолог, психолог Алина Шадинова әкесімен 1 жарым жылға жуық араласпағанын айтты. Олардың мұндай қарым-қатынасына сексологтың интимді гимнастика туралы ашық айтуы себеп болған.

Бұл туралы Алина Шадинова Динара Сатжанға берген сұқбатында айтып, еске алды.

Алина Шадинова: "Алғашқы кезде хейт өте көп болды. Сайттарға шыққан материалдар ауыр тиді, әсіресе әкемнің реакциясы қатты болды. Ол тіпті "Фамилияңды өзгерт, мені масқара етпе" деді. Бір бір жарым жыл араласпадық. "Бұл ұятсыздық, сен не айтып жүрсің?" деді, "Папа, мен шындықты айтып жүрмін. Ол норма" дедім. Ол кезде мен де әкемнен сепарация өтіп жаттым, тек ол көрген кезде амандаспағанымыз жаныма бататын. Қазір шүкір, арамыз жақсы, мені қолдайды" - деп жауап берді.


Оның сексолог болуына алғашқы сәтсіз некесі, одан кейін екінші күйеуімен қарым-қатынасының нашарлығы себеп болғанын жеткізген.

Сондай-ақ жеке консультациялар өткізіп жүрген маман ретінде қазір адамдардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас құра алмайтынын және эмоцияларын жеткізе білмейтіндігін айтып, барша қыз-келіншектерді өзін зерттеуге шақырған.