​«Биттің арқасында байып кеттік»: Ерке Есмахан балалық шағын есіне алды

0
1 098

«Шашыма керосин құйып тазартатын»


​«Биттің арқасында байып кеттік»: Ерке Есмахан балалық шағын есіне алды

Танымал әнші Ерке Есмахан балалық шағындағы естеліктерімен бөлісіп, елді күлкіге қарық қылды. Өнер иесінің шашының жиі биттеп, сіркелеп кете берген екен.


«Шашым қалың, бұйра-бұйра. Сосын кішкентайымда биттей беретін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кездер де болды. Сонда да кетпейтін бит пен сірке», - деді Ерке Есмахан.


Әншінің әзіл әңгімесіне тыңдармандары түрлі пікір жазып қалдырыпты. Арасында «Мен сіздің басыңызды тегін тазалап берейін» деп ұсыныс білдірген.


«И,қасқа! Кішкентай кезімде деп жаздым ғой. Тазалап берейін дегені несі, тағы тегін дей ме? Алла, Алла! - деді өнер иесі.

Оған «Кішкентай кезінде биттегендер өскенде бай болады дейді ғой» деп жазба қалдырғандар да бар екен. Ерке Есмахан оны да жауапсыз қалдырмапты.

«Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, қазір Антальяда демалып жатырмыз ғой, шүкір! Баюдың жолын таптық, коуч ханымдар», - деп сөзін түйіндеді ол.