Айгүл Иманбаева жас әншілерге неге шүйлікті?
фото: ашық дереккөзден
Соңғы кездері әндері елдің сынына жиі ұшырап жүрген "Азия" мен "Бақай" тобы оларға жауап қатудан да шаршаған емес. Ал, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның "Атың өшкір кредит" әніне берген бағасы жігіттерге ұнамай қалған секілді. "Қоғамдық мәселелерді әнге арқау етіп жүрміз" деген әншілер Айгүл Иманбаеваға басын ауыртпай-ақ қойса деген ниет білдірді. Бұл туралы НТК арнасындағы Ревю бағдарламасында айтылды.
"Сұхбат алып тұрғандарыңызды көрдім. Өнердегі бір әпкеміз "Атың өшкір кредит" деп тұрса, той иесі тойынан қуып шықпай ма? Не деп тұрсың деп?" деген сияқты айтыпты. Ол кісі аса қатты мән бермей-ақ қойсын. Біз үшін қиналмай-ақ қойсын, уайымдамай-ақ қойсын. Өйткені, оны біз "Опмай-опмай" шыққаннан кейін бірден екінші әнімізге кірісіп кеттік. "Азия" мен "Бақай" топтарының репертуарына екінші ән қосып қойдық. Сол әнге билеп жүріп, қайта-қайта айтқызып, жарты жыл болды айтып жүргенімізге", - деді "Азия" тобының мүшесі.
Естеріңізде болса, "Атың өшкір кредит" әніне сын айтып, мін таққандардың ішінде әріптестері Айгүл Иманбаева да бар болатын. Десе де, жігіттер аталмыш әнінің "Опмай-опмайдың" шаңына да ілесе алмай қалғанын мойындайды. Оның себебін, елдің шулап, жұрттың дүрліккенінің салдары деп біледі. Саяси дүрбелеңнің көлеңкесінде қалып қойды деп қынжылады.
"Екіншісі, әрине, "Опымай" секілді болған жоқ. Халық дүрлігіп жатыр, клипке қарайтын жағдай болмай кеткен сияқты елде", - деп сөзін аяқтады ол.