«Сүйектерімді орнына қойып берді»
Жақында ғана екінші сәбиін дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан қырық күндік шілде терін қалай шығарғанын айтып берді.
«Бүгін менде көптен күткен «шілде тер» шығару церемониясы болды. Қазіргі заманда оны өз ісінің шеберіне тапсырған дұрыс екен. Алдымен остеопат маманы аяғым ауыр кезеңдегі салмақ түскен жерлерімді тексеріп, сүйектерімді орнына қойып берді. Содан соң терлеуге арналған, арнайы шөптерден дайындаған шай берді.
Үш кесе шайды ішіп алып, ыстық су, шөптерден және раушан гүлінің жапырақтары салынып, дайындалған ванна қабылдадым. Манағы жіпсіп, терлеуге дайын отырған едім, ваннаға жатқан бойда денем босап, рахат күй кештім» деді Ерке Есмахан.
Әнші шілде терін шығаруға бас-аяғы 7-8 сағат уақыт жұмсағанын жасырмады.
«Әрі қарай төсекке жатқызып, көрпе жауып терлетті. Қосымша массажы тағы бар. Соңында «пеленание» жасап, бөксені байлап, 4 сағат жатқызды. Барлығына толық 7-8 сағат уақыт кетті. Сондықтан мен мұны церемония дедім.
Жалпы, бұл айтқанымды жаңа босанған аналар да, босанғанына біраз уақыт болған аналар да қабылдаса артық болмайды. Болашақта өздеріңіздің денсаулықтарыңыз үшін пайдалы.Өзімізді жақсы көрейік, арулар!» деді ол «Инстаграм» парақшасында.