"Бұл - монтаж!": Дариға Бадықова "Екі жұлдыз" шоуы туралы бар шындықты жайып салды

0
3 877

Актриса бар шындықты айтамын деп жексұрын болған.


Көптеген комедиялық фильмдер арқылы танымал болған актриса Дариға Бадықова елімізге белгілі жобаның былықтарын әшкере етті.

Еске сала кетсек, актриса танымал жобалардың бірі "Екі жұлдызға" қатысып, өзін әншілік қырынан танытқан болатын. Алайда Жұбаныш Жексенұлымен жұп болып ән шырқаған актриса "Екі жұлдыз" жобасының финалына шыға алмады. Дариға Бадықова мұндай шешіммен келіспейтіндігін білдіріп, сахнада шу шыққан. Кейінірек желіде көптеген оқырмандар актрисаның сол әрекетін "дұрыс емес" деп айтып, жерден алып, жерге салған. Осыған байланысты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өз ойын жазған. Актриса шындықты айтамын деп жексұрын болғанын айтқан.

"Мен шындықты айтамын деп жексұрын болып отырмын, анығын айтқанда. Құдай куә! Кімнің көрерменіне болсада алғысымды айтқанмын.. "Кешкі бесте келесіздер түнгі екіде кетесіздер, сіздердің еңбектеріңіз орасан, көп рақмет"-деп.. Алғыс сөздерімнің бәрін қиып тастаған. Мен жобаның шындығын айтқанмын.. Әңгімемді бұл жоба деп бастағанмын. Не үшін олай қиды? Өйткені жобаның арты ашылмау керек мағынасын өзгертіп қиып, монтаждапты. Браво! Монтаждың шебері екен! Басында кетем бұл жобадан деп айқанмын. Кей қатысушылар сияқты кетіп қалуым керек еді. Ал егерде солай істегенімде, звезда болып кетіпсің деп, тағы айтар еді!!! Бүкіл қазақ қауымы болып дауыс берілмейді ол жерде. Ол жерде халық қолдады дейтіндей халық жоқ, бүкіл ел-жұрт болып дауыс берген түгі жоқ, әділетсіз деп мен соны айтқым келген. Өз туыстарыңды, достарыңды шақырыңдар деп, ұйымдастырушылар бізге ашықтан-ашық айтатын. Сосын сансырап іздейсің!.. Оо бастан достарым таныстарым болмаған. Осы соңында Медицина университетінен үш қыз келіпті. Менің Астанада бір де бір туысым, иә танысым жоқ. Мен бұны да айттым. Оныда қиып тастаған.. Өзімнің тұзым жеңіл негізі. Маска киіп алып тыныш отыра берсем болады кей адамдар сияқты. Мейлі масканы да өмір үйретер! Сол жерде кей адамдар Дариға дұрыс айттың депте жатты. Шындық айтқан адам кімге ұнапты. Сол бастықтан қорқып үндемей ғана жүре берейікші дейтіндер көп. Шындық айтсаң көкбет деген атақ беріп қояды. ⠀
Не де болса, аққа Құдай жақ. Әміре мен Севданы көре алмаған түгім жоқ. Мысалы деп бастаған жерім бар еді, оныда қиып тастапты. Рейтинг үшін не істемейді. Хайп! Хайптың мағынасыда жаман. ӨТІРІК- деген сөз. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дейтін адаммын. Барлық жерде ұнамаған нәрсе болса, әділетсіздік болса айтуға қорыққан емеспін. Маған жабылып, кінәлап жатқан құрметті көрермен. Бұл - монтаж! Әлі де түсінбей кінәлар болсаңыз, ерік сізде. Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Тек ақты ақ деп айту үшін жаздым бұл постты
" - деп жазады актриса.

ERNUR.KZ.