​«Дем салғаны үшін Умра қажылығы»: «Өнер қырандары» ақтөбелік имамды жылатып қойды

0
1 132

«Жанболат Найзабековтің ауырғаны қойылым болды ма?»


​«Дем салғаны үшін Умра қажылығы»: «Өнер қырандары» ақтөбелік имамды жылатып қойды

«Өнер қырандары» театрының белді мүшесі, актер Жанболат Найзабеков концерт үстінде сырқаттанып қалды.


Ақтөбе облысында гастрольдік сапармен жүрген әртістер концерттің екінші сеансында Жанболатсыз өнер көрсеткен. Себебі оның белінің тамыры тартылып, ауырып қалған.


«Скорый шақыртып, емханаға барып, ауырсынуды басатын укол салдырып қайтты. Келесі күні сеансытң алдында белі тағы ауырып қалды. Содан Ақтөбе қаласы Родникова ауылындағы мешіттің имамы Айбек ұстазымыз кешімізге келіп қалған екен. Сол мүмкіндікті пайдаланып, ұстазды сахна сыртына шақыртып, Жанболатқа дем салғыздық» деп жазды «Өнер қырандары» театырының ресми парақшасында.


«Инстаграмға» салынған видеодан байқағанымыз, театр жетекшісі Мадияр Серікбаев Жанболатқа дем салған имамға соңында ақша ұсынбақшы болады. Алайда имам ондан бас тартады. Сол сәтте Мадияр Серікбаев Айбек имамға Умра қажылығына жолдама сыйлап жібереді. «Түсінбедім, бұл сонда көрініс болды ма?» деп таңғалады имам.


Театр көрермендері мен әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды әртүрлі қабылдады. «Жанболатқа Алла шипасын берсін, бірақ ауырып жатса да қойылым ұйымдастырғаны қисынға келмейді екен», «Айбек имам жақсы кісі, қуанып кетті ғой, мен жылап жібердім», «Бір дем салғаныңа Умра сыйлай берсе бәріміз имам боп кетейікші», «Осы жігіттерге рахмет, игі істердің басы-қасында жүреді», «Әртіс десе әртіс қой, шын немесе өтірік ауырғанын түсінбей қалдық» деп жазды көпшілік.